"Жүректен жүрекке" Сәтбаев Жезқазған қаласы

Описание: “Шын мұқтаждың алғысынан асқан артық разылық жоқ”
Қайырымдылық жасау, мейірімділік пен жанашырлық таныту біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алады. Негізінде қайырымдылық қайтарымы екі дүниеде де берілетін сауапты іс. Сонымен қатар, бұл мұсылман баласының иманын күшейтіп, нәпсісін тәрбиелейтін ең қиын да ауыр тәсіл. Өйткені адам баласының болмысы керісінше дүниеге жақынырақ келеді. Дүниенің пәни екендігін біле тұра оған қатты құмартады. Кейбір жандар тек жаны алқымына келген кезде ғана, онда да шарасыздықтан «ойбай, құдай жолы деп садақа берейін» деп жанталасады. Осындай адамдар жайлы «Бақара» сүресінің 254-аятында: «Әй, мүміндер! Сендерге берген несібемізден саудаласу, достық, болысушылық болмайтын бір күннің келуінен бұрын Алла жолында жұмсаңдар. Ал, қарсы болушылар, олар залымдар», - деп айтылған. Қарап тұрсақ, мал-дүниені бізге Аллаһ Тағала берген. Раззақ болған Жаратушымыздың қазынасы сарқылмайды. Аллаһ Тағала бізді қайырымдылық етуге, дін жолына көмек етуден тек өзімізге ғана пайдасы бар екендігін ұқтыруда. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқалай жолмен де қайырымдылық жасаудың жолдары көп. Осыған байланысты 2013 жылдың 20 сәуірден бастап «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры алғаш рет Атырау қаласында «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөзді ұран етіп, бастау алып келеді. «Жүректен жүрекке» Қазақстандағы қайырымдылық пен меценаттық дәстүрдің дамуына ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ қоғамның назарын әлеуметтік мәселелерге бұрды, игі іс істеуге ынталандырды. Бұл ұйым қазірде Атырау, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай және біздің Сәтбаев қаласында өз жұмысын жасауда. Аталмыш ұйым әртүрлі саладағы мамандарды, әр жастағы адамдарды біріктіріп келеді. Оларды біріктіретін қасиет – қайырымдылық. Барлықтарыңызды осы ұйымға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Аллаһ сауапты іс жасаудағы ниеттеріңізді қабыл етсін.

Общая информация о группе

  • Количество подписчиков: 564
  • Ссылка ВКонтакте:club72532639
  • Тип сообщества: открытое

Состоят в группе

  • Рабиға Оңалбай
  • Айдос Нурбаев
  • Сайран Қайырғалиұлы
  • Елубай Байдеш
  • Канат Дильдебаев
  • Samat Zhantassov
  • Жулдыз Куаныш
  • Галым Калжан
  • Maral Mizambaeva
  • Asset Zhabayev
  • Дармия Есенболатова
  • Хұсни Еркiнқызы
  • Ainura Eric
  • Жасұлан Амангелдиев
  • Дулат Тулегенов
  • Асем Сейткенова
  • Бахтияр Тұрсын
  • Ару Жолдасқалиева
  • Айгерим Сатпаева
  • Саят Өскенов
  • Мадош Куанышбекова
  • Жадыра Айранбаева
  • Айгерим Сатина
  • Жолдаскали Аскарулы
  • Бауыржан Алмахов
  • Амина Жылкыбаева
  • Олжас Кыдирбеков
  • Камшат Тасымова
  • Дарига Жумабаева
  • Асем Байжанова
  • Малика Бабаева
Наверх