Жылай берме
Сырын айтып төбеде жүр Ай Жерге,
Show more
Сенде еңсеңді түсірме құлай берме,
Сенің күліп жүргенің ұнайды елге,
Өткеніңе өкініп жылай берме.
Өткен қайтып оралмас сағым болған,
Келер бақты қәдірле барын қолдан,
Шығарам деп ойласаң жаныңды ордан,
Тек күте біл жолығар бағың жолдан.
Сабырлы етсең жеңіліп тынар қайғы,
Соны бірақ көбісі ұға алмайды,
Өзіңді өзің көтеріп шығармасаң,
Бұл заманда сені ешкім шығармайды.
Жүрсе екен деп тілейміз жаман жырақ,
Таза адам бол сол үшін амал құрап,
Кетсе кеше жылатып біреу сені,
Ертең біреу жұбатып, алар бірақ.
Жақсы болсаң жолдарың тегістелер,
Жаман болсаң өзіңе теріс келер,
Адал болсаң қорықпа ештеңеден,
Қорғайды екен адамды Періштелер.
Солай жаным жылаудың жоқ керегі,
Әлсіз болсаң қайғы мұң көп келеді,
Жеңіп шықсаң біреулер от дер еді,
Жан жағыңда жайқалып көктер еді,
Тек сүрінбей таласып алға жүрсең,
Өшеді екен өткеннің өкпелері.
Жарық жерге еткендей түн қаралық,
Шығады адам қайғы ға бір қамалып,
Мұңды әуендер жинағын тыңдап алып,
Жылай берме өзіңді мұңға малып....
10.03.2017
Авторы: Дастан Матниязов